«Әлия - батыр қызы сен халқымның!»

15 маусым Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 99 жыл толуына орай «Әлия - батыр қызы сен халқымның!» атты облыстық патриоттық шара өткізілді.

Батырдың туған орай ұйымдастырылған патриоттық шаралар батырдың кіндік қаны тамған Бұлақ ауылынан бастау алды. Ескерткіш жанына жиналған қонақтар батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, батырдың рухына тағзым етті.

Батырдың туған күніне орай ұйымдастырылған шара Әлия ауылында өз жалғасын тапты. Әлия ескерткішіне гүл шоқтары қойылып мәдениет үйінде патриоттық әндер шырқалды. «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында кезекті «Айбын – 2024» атты әскери-патриоттық ойынына Қобда ауданына қарасты мектептерден құралған 5 команда қатынасып шара өте жоғары деңгейде өтті.

Батырдың туған күніне арналған шараларға қатынасқан жеңімпаздарға Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронды мекен жай:
aktobe_kultura@mail.ru
Мекен жай:
030000, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ с.о., Әлия с., Байсеитова, 40 А
© 2020 - «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы
Designed by TORUS.KZ