1 Наурыз Алғыс айту күніне орай "Әлия" патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы пандемия кезінде сертіне адал,қызметіне ұқыпты, ел саулығы жолында сын сағаттарда халықпен бірге болып, бар уақыты мен біліктілігін арнаған дәрігерлерге деген құрмет көрсету мақсатында Ақ халатты абзал жандарды Алғыс айту мерекесімен құттықталды. Сонымен қатар орталық атынан жергілікті кәсіпкер, "Алтын алқалы" ана Мухамедярова Тулиша Сағынайқызы құттықталды.