«Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында Әлия Молдағұлованың өмірін, ерлік істерін насихаттау, Әлия сынды батырдың бейнесі арқылы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, жастардың бойына жігерлік пен батылдықты қалыптастыру мақсатында «Әлия-аңсаған Тәуелсіздік» атты патриоттық шара өтті.
Шараға Ақтөбе қаласындағы № 18 орта мектебінің оқушылары қатынасты. Шара барысында батырдың өмірі мен ерлігі, Қазақстан мен Ресей жерінде жүргізіліп жатқан шаралар жөнінде айтылып, танымды мол ақпарат берілді «Әлия » атты арнайы дайындалған деректі бейнеролик ұсынылды. Шара әрмен қалай батырдың туған жерінде Бұлақ ауылында ашылған музей үйіне экскурсиямен жалғасты.