Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Әлия" патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында 1991 жылы дүниеге келген түрлі қызметінде  еңбек етіп жүрген белсенді жастар – Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның төл құрдастарының жеткен жетістіктерін жастарға үлгі ретінде көрсету, жастардың отаншылдық рухын оятып, отансүйгіштік сезімін жігерлендіру, Тәуелсіздік  құрдастарына құрмет көрсету.

Тәуелсіздік құрдастары осы күні дүниеге келгендерін мақтаныш санайтынын,ел бірлігінің  арқасында қол жеткізген бүгінгі жетістіктеріміз - бұл барша елге ортақ мақтаныш, ортақ бақыт, ортақ мәртебелі мереке екенін ортаға салды салтанатты шараның қатысушылары.

Кездесуде патриоттық әндер шырқалып,  көңілді әрі қызықты өтті.

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронная почта:
Адрес:
030000, Актюбинская область, Кобдинский район, с.о Булак., с. Алия., Байсеитова, 40 А
© 2020 - Областной центр патриотического воспитания «Алия»
Designed by TORUS.KZ