«Елімнің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік» тақырыбында мәдени іс-шара

"Әлия" патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік» тақырыбында мәдени іс-шара өтті. Мәдени іс-шараға  мекеме қызметкерлері, құрметті ардагерлер, белсенді жастар қатынасты. Аталмыш шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Тәуелсіздік күніне арналған мәдени шараның алғы сөзін Бұлақ ауылдық округінің әкімі Армат Қонысұлы кіріспе сөзбен ашып, еліміздің басты мерекесі - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен арнайы құттықтады. Одан кейін сөз алған  ардагерлер  құндылығымыз тәуелсіздік туралы айта келіп, жастарды рухы биік,өз елінің патриоты болуға шақырды.

Сөз кезегін "Әлия"патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының директоры Бағдаш Абдижамиқызына берілді.-"Бүгін біз ең ұлы мейрамымыз - Тәуелсіздік күнін атап өтуге жиналып отырмыз. Бірлігіміздің арқасында тәуелсіздік жылдары іргелі мемлекет болып қалыптастық. Өзгемен тереземізді теңедік. Тұрмысымызды түзедік. Бұрын арман болып көрінген жетістіктерге қол жеткіздік. Сондықтан, еліміздің болашағын, яғни келер ұрпақтың баянды ғұмыр кешуі үшін біздер әлі де талмай еңбек етуіміз қажет", – деп  Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
Шарада патриоттық әндер шырқалды.

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронная почта:
Адрес:
030000, Актюбинская область, Кобдинский район, с.о Булак., с. Алия., Байсеитова, 40 А
© 2020 - Областной центр патриотического воспитания «Алия»
Designed by TORUS.KZ