Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Қазақстан халқына жолдауы ел арасында талқылануда. Осы орайда Жолдауды түсіндіру бойынша облыстық, аудандық ақпараттық-насихаттық топтың мүшелері тұрғындарымен кездесті. Жолдауды ақпараттық – насихаттық топтары тереңірек түсіндіріп, жастарды аянбай еңбек етуге шақырды.
Жиында сөз алған еңбек ардагерлері қоғам мәселелеріне тоқталып, Президент Жолдауын бір кісідей қолдап, маңызды құжатта Президент нақтылап берген бағыт-бағдарды насихаттауға жұмылатындықтарын жеткізді.