1 қыркүйек - Білім күні!

Құрметті ұстаздар!
Қымбатты оқушылар, ата - аналар!

Сіздерді бүгінгі  Білім күнімен,  жаңа оқу жылының басталу мерекесімен құттықтаймын.

Білім - адам өміріндегі сарқылмас қазына. Адам баласы барлық арман, мақсаттарына тек білім арқылы ғана жете алады.

Әлемдік өркениетке бет алған біздің еліміздің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты. 

Бүгін облыстың барлық білім беру мекемелері есіктерін айқара ашып, білім нәрімен сусындауға келген  жастарын, бүлдіршіндерін құшақ жая қарсы алуда.

БІРІНШІ ҚЫРКҮЙЕК жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы. Еңбектің ең үлкені - Білім! 

Тәуелсіз еліміздегі бұл маңызды сала мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айрықша назарында.  Себебі, бүгінгі оқушы - білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген,  тілдерді еркін меңгерген тұлға ретінде ертең егемен елдің егесі болатын азамат.

Сондықтан, бүгінгі мерекелік күнде,  ұстаздар мен ата-аналарға - бірлескен еңбектеріңіз балаларымызды білім шыңына жетелеп, бәсекеге қабілетті, отаншыл азамат,  Жаңа Қазақстанның туын биік ұстайтын тұлға ретінде қалыптастырады деп сеніммен айта аламын.

Құрметті ұстаздар!

Жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы қажырлы, өлшеусіз еңбектеріңіз әркез жемісті бола берсін! Шығармашылық игі бастамаларыңызға, педагогикалық ізденістеріңізге жаңа серпін, толағай табыстар тілеймін!

Ал оқушыларымызға - осы тамаша заманның керемет мүмкіндіктерін пайдаланып, ілім-білім жинауға қашанда асығыңыздар дегім келеді! Озық ойлы, өрісі кең, өрелі азамат болуға әркез ұмтылыңыздар! Болашақ сіздердің қолдарыңызда!

Мереке құтты болсын!

Ақтөбе облысының әкімі Е. Тоғжанов

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронная почта:
Адрес:
030000, Актюбинская область, Кобдинский район, с.о Булак., с. Алия., Байсеитова, 40 А
© 2020 - Областной центр патриотического воспитания «Алия»
Designed by TORUS.KZ