Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың кіндік қаны тамған Бұлақ ауылында 1 қыркүйек Білім күніне арналған "Кел балалар оқылық!" атты тақырыптық шара өтті. Білім күніне арналған шараға "Әлия" патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының директоры Тупенова Бағдаш Әбдижамиқызы қатынасып, жаңа оқу жылының мерекесімен ұстаздар мен оқушыларды құттықтап, толағай табыстар тіледі.