«Ерлік - ешқашан ұмытылмайды» тақырыбындағы оқырмандар сайысы

24 қаңтар күні «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында «Балдырган» балабақша бөбекжайымен бірлесе отырып Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқанына 79 жыл толуына орай онкүндік декада аясында жоспарланған «Ерлік - ешқашан ұмытылмайды» атты тақырыбында мәнерлеп оқудан сайыс өткізілді.

Шараның мақсаты: «тәрбие бесіктен басталады» дегендей Отанға, Елге патриоттық сезімді балабақша бүлдіршіндерінен бастау.

Сайысқа Қобда ауданына қарасты 6 (алты) Балабақша бөбекжайының 4-5 жас аралығындағы 12 (он екі) бүлдіршін қатысты.

Салтанатты шараның алғы сөзін орталықтың директоры Б.Тупенова шараға қатынасып отырған бүлдіршіндерге алдағы уақытта сапалы білім мен тәрбие алуға, еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуына тілек білдіріп, сайыскерлерге сәттілік тіледі.

Әскери формасын киген бүлдіршіндер шараның сәнін келтірді. Бүлдіршіндер патриоттық тақырыбындағы өлеңдерін мәнерлеп оқып, өздерінің өнерлерін көрсетті. Балалардың өнерін әділ қазылар алқасы бағалап, сайыс қорытындысы бойынша өнер көрсеткен бүлдіршіндердің барлығы алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар тапсырылды. Жылма –жыл жалғасын тауып келе жатқан шараға қатысушылар дән ризашылықтарын білдірді.

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронная почта:
Адрес:
030000, Актюбинская область, Кобдинский район, с.о Булак., с. Алия., Байсеитова, 40 А
© 2020 - Областной центр патриотического воспитания «Алия»
Designed by TORUS.KZ