1989 жылы ақпан айының 15-інде талай аналарды перзенттерінен айырған, мыңдаған бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталғанына мінекей 34 жыл болыпты

Жылдар өткенімен , жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда.

Ауған соғысының табиғаты да, тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18 бен 20-ның арасындағы өрімдей жастар бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі , жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп , тағдырдың жазуымен елге аман-сау оралып , туған жерімен қауышқан жауынгерлердің бүгінгі ұрпаққа айтары өте көп. Бүгінгі «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының ұйымдастырумен Ақтөбе қаласы Әбіш Кекілбаев атындағы №72 мектеп-лицейінің салтанат залында «Ауған оты шарпыған» атты интернационалист – жауынгерлермен кездесу шараның мақсаты да осы болатын.

Жас ұрпақты Ауған соғысының ардагерлерімен кездестіре отырып оларды Отанын , елін , жерін сүйе білуге және өз Отанын қорғауға қашанда дайын болуға тәрбиелеу.

Бұл кездесу шарасына Ауған соғысының ардагерлері Мурсалимов Ермекбай, Галеев Гумер, Мусалиев Орынғали, Қалдыбаев Болат қатынасты. Іс-шара барысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Өз кезегінде ардагерлер қиындығы мен қасіреті мол ауған соғысы кезіндегі жауынгерлік тапсырмаларын қалай орындағандары, әртүрлі ұлттан құралған әскер қатарының мызғымас достығы мен көрсеткен ерліктері туралы, олардың әрқайсы интернационалдық борыштарын қаншалықты адал орындап шыққаны жайлы баяндалды.

Ардагерлердің ауған соғысы жайлы әңгімелерін оқушылар ұйып тыңдап, ардагерлерге өздерін толғандыратын сұрақтарын қойды, әрі тиісті жауаптарын алды. Бұл кездесуден оқушылар ешқашан ұмытпастай тамаша әсер алды.

Шараға қатынасқан ардагерлерге «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының директоры Тупенова Бағдаш Абдижамиқызы орталықтың атынан сыйлықтар табыстады. Ауған жауынгерлерінің құрметіне арнап концерттік бағдарлама ұсынылды.

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронная почта:
Адрес:
030000, Актюбинская область, Кобдинский район, с.о Булак., с. Алия., Байсеитова, 40 А
© 2020 - Областной центр патриотического воспитания «Алия»
Designed by TORUS.KZ