«Батырларға мың тағзым»

5-6 мамыр күндері «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының ұйымдастыруымен 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай Қобдалық  Кеңес Одағының Батырлары Михаил Кошелевтің 100, Михаил Колесниковтің 105, Абдолла Жанзақовтың 105, Иван Пятковскийдің 110 жылдығына арналған «Батырларға мың тағзым» атты облыстық әскери-патриоттық слеті  өткізілді.

Мақсаты - жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу,жастар  арасында салауатты өмір салтын насихаттау,  ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы  ержүректілік,  отансүйгіштік,  ұлтжандылық қасиеттерді дәріптеу,жастардың Отан алдындағы азаматтық борышы мен жауапкершілігін әскери тәрбие беру арқылы терең түсіндіру. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Слетке Ақтөбе қаласының №33, №41, Сазды орта мектептері, Ойыл ауданы Шарбану Бекмұхамбетова атындағы мектеп- гимназиясы, Қобда ауданы Әлия Молдағұлова атындағы қазақ орта мектептерінің  командалары қатынасты. Екі күнге ұйымдастырылған шараның бірінші күні қатысушы командалар арасында саптық дайындықтар, спорттық ойындар, «Туған өлкеңді білесіңбе?» викториналық сұрақтар, тренинг, кешкі алау ұйымдастырылып, Қобдалық  Кеңес Одағының Батырлары Михаил Кошелев, Михаил Колесников, Абдолла Жанзақов, Иван Пятковскийдің өмірі баяндары мен ерлік жолдары слайд,  видеоролик, көрме  арқылы  таныстырылды.

Шараның екінші күні Әлия ескерткішіне  гүл шоқтарын қоюдан басталды. Мәдениет үйінде концерттік бағдарламамен жалғасты.Шарада  Қазақстан Республикасының аумағында, сонымен қатар Халықаралық  байқауларда жүлделі орындарға  ие болып жүрген Сазды орта мектебінің жанынан құрылған «ЖАС ҰЛАН» үрмелі аспаптар оркестрінің құрамасы өз өнерлерін тарту етті.

«Батырларға мың тағзым» атты облыстық әскери - патроттық шараның өз дәрежесінде өтуіне Қобда ауданының әкімі Кулов Болат Ахметұлы зор қолдауын көрсетті. Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер  және құжаттама  басқармасының  атынан Алғыс хаттар мен  естелік сыйлықтарды «Әлия» патроттық тәрбие беру облыстық орталығының директоры Тупенова Бағдаш Абдижамиқызы табыстады

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронная почта:
Адрес:
030000, Актюбинская область, Кобдинский район, с.о Булак., с. Алия., Байсеитова, 40 А
© 2020 - Областной центр патриотического воспитания «Алия»
Designed by TORUS.KZ