"Nur Otan" партиясы фракциясының мүшелері "Әлия" патриоттық тәрбие беру облыстық орталығына келді.

Бүгін 9 Қаңтар күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшелері Глеб Щегельский, Құралай Қаракен, Сергей Симонов, Асылбек Смағұлов партияның Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов Қобда ауданының Әлия ауылы "Әлия" патриоттық тәрбие беру облыстық орталығына келді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларының басымдықтары мен жүзеге асырылу барысы, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы туралы баяндап, заң шығару жұмыстарының егжей-тегжейлерімен бөлісуде. Шалғай аудан тұрғындарымен әңгіме барысында депутаттар күшіне енген заңдар мен әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар нормаларын түсіндірді.

Мәжіліс депутаты Құралай Қаракен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге байланысты өзгерістерді түсіндірді. Ауыл тұрғындары арасында ел педагогтарының жұмысына қатысты жаңашылдықтар да кеңінен талқыланды.

Өз кезегінде ауыл тұрғындары Ұлы Отан соғысы жылнамасына аты енгізілген, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы мəңгі ел есінде қалдыру туралы ойларын айтты. Депутат Глеб Щегельский Әлия Молдағұлованың өмір жолы – өз Отаны мен халқын қалай сүюдің, балаларымыз бен немерелеріміздің игілігі үшін еңбек етудің үлгісі екенін атап өтті.

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронная почта:
Адрес:
030000, Актюбинская область, Кобдинский район, с.о Булак., с. Алия., Байсеитова, 40 А
© 2020 - Областной центр патриотического воспитания «Алия»
Designed by TORUS.KZ