«Біз болашақ сарбазбыз»

«Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында 2023 жылдың 20 - қыркүйегі күні «Біз болашақ сарбазбыз» атты әскери-патриоттық шара өткізілді.

Шара мақсаты: Жас ұрпақты Отанын,елін,жерін шын сүюге тәрбиелеу. Шараға Хромтау ауданы Ақжар орта мектебінің оқушылары қатынасты. Алғашқы әскери дайындық пәнінің маңыздылығы, міндеттері, мақсаты жөнінде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Мендыбаев Асқар Хамзинұлы толық түсіндіріп өтті.

Шарада оқушылар калашников автоматын жартылай бөлшектеп- жинаудан, пневматикалық винтовкамен нысананы көздеп атудан, орталықтың сыртқы алаңында орналасқан әскери кедергілерден өтіп әскери дайындықтарын көрсетті.

Шара соңы Ә.Молдағұлованың кіндік қаны тамған жері Бұлақ ауылындағы Әлия музейіне саяхат жасады. Музей үйімен танысып, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова туралы көптеген мәліметтер алды.

Хромтау ауданынан келген жас ұрпақ Әлиядай батыр дүниеге келген жерге тағзым етіп өз ризашылықтарын білдірді.

Шараны Ақтөбе қаласынан «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығына арнайы келген 3 орта мектебінің оқушылары тамашалады.

Шараға 90 адам қатынасты.

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронная почта:
Адрес:
030000, Актюбинская область, Кобдинский район, с.о Булак., с. Алия., Байсеитова, 40 А
© 2020 - Областной центр патриотического воспитания «Алия»
Designed by TORUS.KZ