«Әскери борыш - абыройлы міндет»

25 - қазан Республикасы мерекесіне орай «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының ұйымдастыруымен «Әскери борыш - абыройлы міндет» атты Отан алдындағы борышын өтеп келген жас сарбаздармен кездесу өткізілді.

Кездесудің басты мақсаты - жоғары сынып оқушыларының әскери қызметке қызығушылығын арттырып, жастарға Отан алдындағы жауапкершілікті сезіндіру және оларды әскерге баруға ынтыландыру. Аталған шараға жастар мекеме қызметкерлері мен ауыл үлкендері және мектеп оқушылары қатысты. Шараны ашып берген «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының директоры Тупенова Бағдаш Абдижамиқызы барша қауымды мерекелерімен құттықтады.

- Тәуелсіз еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көк туымызды әрдайым биікке көтеру, бойында Отансүйгіштік қасиет пен патриоттық сезімі бар жастардың қолында. Кезінде ерлікпен елді қорғаған ата-бабаларымыздың батырлығын бойына сіңіріп өсетін жастар көп болуы керек. Сонда ғана елдің тірегі мықты деуге болады. Бүгінгі кездесудің де, жастардың бойында сондай қасиеттерді қалыптастыруға үлкен септігі тиеді деп есептеймін, - деді

Мереке қарсаңында ұйымдастырылған бұл кездесудің жастар үшін маңызы өте зор. Өйткені, ол жерде әскердегі қызмет, жауынгерге тән жауапкершілік, ондағы қызықты сәттер туралы көптеген әңгімелер айтылды.

Кездесу қонақтары Жолмағанбетов Серикжан Дидарұлы Ақтау қаласындағы 25744 әскери бөлімінде Морская пехота 1-ші шабылдаушы батальонында Отан алдындағы борышын өтеген. Қонаев қаласы 32363 әскер бөлімінде 35-ші жеке десанттық шабуылдаушы бригадасында Отан алдындағы борышын өтеп келген Қуандықов Бейбарыс Қуатжанұлы. Сарбаздар әскердегі қызықты сәттері жөнінде әңгімелеп берді.

«Әскерге барудан қашпау керек, онда өткен уақыттың әрбір минуты қызықты деуге болады. Қасыңда жүрген жолдастарың бір жылдың ішінде бір үйдің балаларындай болып кетеді. Әскерге бару арқылы көптеген достар таптық, тазалықты, ұқыптылықты, азамат ретінде жауапкершілікті сезінуді үйрендік», - дейді жас сарбаздар.

Шара соңында сарбаздарға орталықтың атынан естелік сыйлық табыс етілді.

Мерекелік кездесуге жиналған көрермендерге жас өнерпаздардан ән-күйден шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұл шара көптің құрметіне бөленді.

 

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронная почта:
Адрес:
030000, Актюбинская область, Кобдинский район, с.о Булак., с. Алия., Байсеитова, 40 А
© 2020 - Областной центр патриотического воспитания «Алия»
Designed by TORUS.KZ