Абай қалдырған із- мәңгілік мұра

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Даналықты көздесең

Жат, тоқып ал көніңге,- деп Сұлтанмахмұт Торайғыров бабамыз жырлағандай, Абай Құнанбайұлы қазақ халқының басындағы мәңгі өшпес жарық жұлдызы.

Абай –қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл. Ақын ел арасында болатын көптеген жағымсыз әрекеттер: іштарлық, көркемқызарлық, сондай ақ көраалмаушылық, еріншектік, жалақаулық сияқты теріс қылықтардан аулақ болуға үндеп, ұрпаққа үлгі көрсетпек түгілі қара басын әрең алып жүрген мына халықтың берекесіз тірлігін күні бұрын көріп тұрғандай ашық та айқын суреттеп, тереңнен баяндаған.

Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді , арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндейді. Ұлы ақынның өнегелі өмірімен , шығармашылығымен таныстыру мақсатында «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының ұйымдастыруымен «Құлақтан кіріп бойды алар» атты ән кеші өткізілді. Шарада Абай Құнанбайұлының «Өлсе өлер табиғат адам өлмес», «Сенбе жұртқа тұрсада қанша мақтап», «Әсемпаз болма әрнеге», «Өлең сөздің патшасы», «Сегіз аяқ», «Жасымда ғылым бар деп ескермедің», « Көңілім әнді ұғады», «19 қара сөз», « Желсіз түнде жарық ай», «45 қара сөз» , «Көзімнің қарасы» атты өлеңдерінің мағынасын әр оқушылар бұлбұл дауыстарымен жеткізе білді. Абай Құнанбайұлының 175 жылтолуына орай өткізілетін шаралар әрмен қарай жас ұрпақты патриоттық рухқа тәрбиелеу мақсатында өз жалғасын табады.

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронная почта:
Адрес:
030000, Актюбинская область, Кобдинский район, с.о Булак., с. Алия., Байсеитова, 40 А
© 2020 - Областной центр патриотического воспитания «Алия»
Designed by TORUS.KZ