СОҒЫП ТҰР МЕРГЕН ҚЫЗДЫҢ ЖҮРЕГІ ӘЛІ..

Киелі Қобда өңірінде дүниеге келіп, туған жерімізді әлемге әйгілі еткен Әлия Молдағұлова ұлтымыздың мақтанышы, үлкен рухтың иесі.

14 қаңтар күні Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқан күніне орай есімін қастерлеу мақсатында  еске алу шарасы өтті.

Шараға Ақтөбе облысының әкімінің орынбасары Б.Елеусінова, "Ақтөбе облысы Ауған соғысы ардагерлері ассоциациясы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Қойлыбаев сияқты қонақтар арнайы келіп қатысты.

Батырдың туған жері Бұлақ ауылындағы бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтсе, Әлия ауылындағы ескерткішке де гүл шоқтары қойылып, Әлия ауылдық мәдениет үйінде "Әлия оқулары" байқауының жеңімпаздары марапатталды. "Әлия" патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында волейболдан еске алу турнирі өткізіліп, батырдың өмірі мен ерлігі насихатталып, жастарға үлгі-өнеге көрсетілді.

Қамшының сабындай қысқа ғұмырында аққан жұлдыздай жарқ еткен Әлия ел сүйсінерлік ерлік жасап, халқының есінде қалды.

Елін шексіз сүйген Әлияны Отаны да мәңгілік ұмытпайды.

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронная почта:
Адрес:
030000, Актюбинская область, Кобдинский район, с.о Булак., с. Алия., Байсеитова, 40 А
© 2020 - Областной центр патриотического воспитания «Алия»
Designed by TORUS.KZ