Жеңістің 75 жылдығына және Әлия Молдағұлованың 95 жылдығына орай "Әлия" патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы мен Атырау облысы Исатай ауданының "Жастар ресурстық орталығы" арасында "Ерлік -елге мұра, ұрпаққа ұран" атты рухани онлайн сұхбат жүргізілді.
Сұхбат кезінде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлік жолдары, батырдың ерлігін насихаттау жолындағы Ресей еліндегі тың жаңалықтар және "Әлия" патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы мекемесінің жұмыстары туралы кеңінен мағлұмат берілді.