Шаралар

Киржанов Букенбай Киржанұлы

Киржанов Букенбай Киржанұлы 1913 жылы туған. Қобда ауданы, Аққұдық ауылында. 1941 жылы әскер қатарына шақырылды. 326 атқыштар дивизиясы Балқаш облысына. 1941 жылы  майданға аттанған. Смоленск, Тула майданындарында болған шайқастарға қатысты. 1944 жылы ауыр жараланып, елге оралып, Әлпайсай ауылында ауыл шаруашылығында қызмет атқарған.  "Қызыл Жұлдыз" орденінің  иегері.1945 жылы Киржанова Гүлсім Ыбырайқызына үйленгеніп 5 бала, тәрбиелеген.1993 жылы  дүниеден өткен.

Даужанов  Аманбай

Даужанов  Аманбай  1905 жылы  Бесқопа  ауылдық  округінің  аймағында  қарапайым  колхозшы  отбасында  дүниеге келген.1941  жылы  әскер  қатарына  шақырылды.  1941  жылы /471  атқыштар  полкінің  атқышы болып  қабылданған.  1944 жылға  дейін  соғыста бес  рет  жарақат  алып, жарақатының  әсерінен  әскер  қатарынан  босатылып елге  оралды.  Елге  оралғаннан  кейін  1952  жылға  дейін ауыл  шаруашылығында  еңбек  атқарды. 1953-1968  жылдары  аралығында тың  жерлерді  игеру жұмыстарына  белсене  қатынасқаны  үшін «Ерең  еңбегі  үшін», «Тың жерлерді игергені үшін», « 1941-1945 жылдардағы  Ұлы  Отан  Соғысындағы  жеңістің 20 жылдығы»  медальдарымен  марапатталды.

Алпысбаев Нармұхамбет

Алпысбаев Нармұхамбет 1920 жылы туған. Қобда ауданы, Бұлақ ауылында. 1940 жылы әскер қатарына шақырылады. 1941 жылы Ұлы Отан  соғысына қатысып, үш рет жараланды.  1942 жылы «Серпухов» қаласын азат еткен үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен, 1943 жылы «Калуга» қаласын азат еткен үшін «Қызыл Ту» орденімен, 1945 жылы «Отан соғысының ІІ- ші дәрежелі» орденімен  және бірнеше медальдармен марапатталды.  
Өрбісінов Амандәулет Өрбісінұлы

Өрбісінов Амандәулет Өрбісінұлы 1917 жылы туған. Қобда ауданы, Бұлақ ауылында. Ақтөбе пединститутын бітірген. 1942 жылы қараша айында әскер қатарына шақырылды. 1943 жылы наурыз айында демоблизация жасап әскерден елге қайтарылды. Себебі  елге жасөспірімдерді сауатты оқытуға жіберілді. 1945 жылы Қобда қазақ орта мектебінің директоры.

Абдуллин Дәулетбай Өрбісінұлы

Абдуллин Дәулетбай Өрбісінұлы 1911 жылы туған. Қобда ауданы, Бұлақ ауылында. 1931 жылы педогогикалық институтын бітіріп, сол институтта мұғалім болып қызмет атқарады.  1935 жылы әскер қатарына шақырылады.
Иранда офицерлік оқуын бітірді. 1943 жылы Смоленск  майданында болған шайқаста  аға ботальон комиссары атты әскер дивизияны алаңға тұрғызып жауынгерлерге бұйрық берді,  ұрыста қаза тапты.

«Ерлікке ұласқан ғұмыр» атты  тарихи танымдық шара өтті

Бүгін ақырғы оғы таусылғанша жауды жер жастандырған қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың туылған күні! Өз еркімен қан майданға аттанған аруға биыл 98 жыл толып отыр.  «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы  Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың  туғанына 98 жыл толуына орай  «Ерлікке ұласқан ғұмыр» атты  тарихи танымдық шара өтті. 

1 қазан  қарттар күні.

«Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының ұжымы  қарттар күніне орай  орталығымызда қызмет  еткен зейнеткер  Ұлжан   Казгулованы  аталмыш мейрамымен  құттықтап, сый-сияпат ұйымдастырылды.

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронная почта:
Адрес:
030000, Актюбинская область, Кобдинский район, с.о Булак., с. Алия., Байсеитова, 40 А
© 2020 - Областной центр патриотического воспитания «Алия»
Designed by TORUS.KZ