«Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы 2005 жылы Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың 80 жылдық мерей тойы қарсаңында ашылды.
«Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының мақсаты – жастардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың өмірін, ерлік жолдарын насихаттай отыра жастарға патриоттық тәрбие беру.
«Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы Ақтөбе қаласынан 70 шақырым жердегі батыр қыздың туған жерінде орналасқан. Патриоттық орталықта мәдени-спорттық шаралар өткізуге және жастардың демалуына толық жағдай жасалынған. «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы соғыс және еңбек ардагерлерімен, батыр қыз тәрбиеленген, оқыған және ерлік жолдары өткен Мәскеу, Санкт-Петербург, Псков, Орал жеріндегі музейлерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Патриоттық сезімнің қайнар көзі Отан екенін әрбір жастар терең түсінгені абзал.Ол –достық , ол табандылық , ол-жанашырлық , ол ыстық сезім, ол махаббат. Осылардың барлығы әрбір жастың көкірегінен орын алған жағдайда ғана ол Қазақстан Республикасының рухы биік патриоты болады.
«Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында Қазақтың батыр ұлы, бірінші патриоты Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс - күймейсін» атты сөзін ұран ете отырып, әскерге дейінгі жастармен «Жас ұлан» және «Балауса» атты салт – дәстүрімізді қадірлеуге арналған қыз балалар клубтары өз нәтижесін беріп келеді.Би үйірмесі жұмыс жасайды. Спорт түрінен волейбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы ойындары ұйымдастырылған дайындық залдарында қатынасушылар саны күннен күнге көбеюде. Жылма – жыл дәстүрге айналған республика көлеміндегі патриоттық әндер байқауы, облыс көлемінде өткізіліп, әрбір жастың бойына Отанға, Туған жерге деген сүйіспеншілігін оятатын әрбір шара өскелең ұрпақ үшін мағнасы мол тәрбие. Орталықта «Әлия» мұражайы бар. Мұражайдың негізгі мақсаты Әлияның ерлік жолдарымен таныстыру. Мұражайдың естелік кітабындағы қазақ халқының бір туар тұлғаларының қолтаңбалары келер ұрпаққа қайталанбас құнды жәдігер болары анық. 1984 жылы батыр туған топырақта болған Д.А.Қонаевпен Н.Ә.Назарбаевтың қол таңбасы мұражайдың басты жәдігері.
Мекеменің штаттық кестесі -18 бірлік.