Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы және "Мәдени-географиялық белдеудің" рөлі мен оған енетін орындар туралы әрбір қазақстандықтың білуі мақсатында 10 қазан күні Ақтөбе облысы Қазақстан Ассамблеясының жанынан құрылған "Қоғамдық Келісім" мекемесінен этно-мәдени өкілдері Қобда ауданына іс-сапармен келді. Алдымен қонақтар Абат-Байтақ қорымының тарихымен танысып Асан қайғы бабамыздың баласы Абат батыр туралы да мәліметтер алды.
Қонақтар дала экскурсиясынан кейін Кеңес Одағының Батыр қызы Әлия ауылынан жалғастырды. Алдымен батырдың ескерткішіне гүл себетін қойып тағзым етті, содан кейін "Әлия" патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында орналасқан Әлия музейіндегі батырдың өмірі мен ерлік жолдарымен танысты.