«Қос шынар» Әлия-Мәншүк қоғамдық қорының директоры, Қобда ауданының құрметті азаматы Ғалымжан Байдербестің 85 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті. «Әлия» облыстық патриоттық тәрбие беру орталығында Ғ.Байдербестің өмір жолына арналған сурет көрмесі мен еңбек туындыларына арналған кітап көрмесі қойылды.
Аудан әкімі Болат Кулов ғалымды мерейтойымен құттықтап, қобдалықтардың ыстық ықыласын жеткізіп, естелік сыйлықтар тарту етті.
Шарада патриоттық тәрбие, елжандылық туралы рухани әңгіме өрбіп, қобдалық өнерпаздар ән мен күйден шашу шашты.