2019 жылдың 5 тамыз күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Нұр –Сұлтан қаласынан тарихи- патриоттық жерлерді көріп, танысу мақсатында батырлар мекені Қобда ауданы Әлия ауылына Азбергенова Индира отбасымен келіп «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығымен танысып, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігі бейнеленген үлкен музейдегі көріністі тамашалады.
Бұрын батыр өмірі мен ерлігін мақтаныш етіп келген, бірақ ешқашан туған жерінде болмаған қонақтар қуаныштарында шек жоқ екенін айтып жеткізді.