М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары және Ақтөбе облысының Полиция департаментінің қызмеркерлері «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында болып, Әлия Молдағұлованың тарихын таныстыратын сирек әрі бірегей экспонаттар қойылған музейдің экспозицияларын аралады.
Орталықтың директоры Бағдаш Әбдіжәмиқызы қонақтарға патриоттық орталықтың жұмысы туралы таныстырып, қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың балалық шағынан бастап майдандағы ерлік жолдарына дейін нақты деректер, мол мағлұматтар келтіре отырып баяндап берді.