Әлия Молдағұлованың құрметіне арналған жаңа музей үйінің ашылу рәсімі

Сенбі, 11 қыркүйек күні Облыс әкімі О.С.Оразалин іс сапармен Қобда ауданына келді.

Аймақ басшысы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың кіндік қаны тамған Бұлақ ауылында батырдың құрметіне арналған жаңа музей үйінің ашылу рәсіміне қатысты. Демеушілікпен салынған бұл нысанға оң бағасын берген өңір басшысы коммуналдық меншікке қабылдау жұмыстарын қолға алуды жүктеді. Мұражай қоршалған және абаттандырылған іргелес аумағы бар жалпы ауданы 80 шаршы метр ғимарат болып табылады.

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронды мекен жай:
aktobe_kultura@mail.ru
Мекен жай:
030000, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ с.о., Әлия с., Байсеитова, 40 А
© 2020 - «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы
Designed by TORUS.KZ