Еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарға жету барысында өздерінің елі, халқы үшін, жері үшін құрбан болған батырлардың ерлігін, оқушыларға насихаттап патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында «Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы» атты шара өтті. Шара Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың кіндік қаны тамған Бұлақ ауылында батырдың құрметіне арналған жаңа музей үйінде ұйымдастырылды.
Ерлігімен елге танылған батырдың өшпес ерлігі туралы экскурсия жүргізіп, қаһарман батырдың білім алған жері - Вятск, ерлікпен қаза тапқан жері – Новосокольники, Казачиха жерлері жөнінде тағылымы мол әңгіме өрбітіп, атқарылып жатқан тың жаңалықтармен бөлісті. Шара соңында «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы атынан 1 - сынып оқушыларына сыйлықтар табысталды.