Қобда ауданына іс-сапармен келген "Рухани жаңғыру" ҚҚДИ" КеАҚ-ның менеджері Р.Канапиянов алдымен «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығымен танысып, мұндағы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың балалық шағынан бастап ерлік жолдары бейнеленген үлкен көріністерді тамашалап, аса мұқиятпен танысты.
Батырдың туған жеріндегі саябақты аралап, батырдың кіндік қаны тамған Бұлақ ауылымен танысты. Жастарға патриоттық рухта тәрбие беруде жүргізіліп жатқан жұмыстарға өзінің ризашылығын білдіріп, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.