«Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының ұйымдастыруымен «Жас түлек - 2019» атты мерекелік шара өтті. Орталықтың алды тақырыпқа сай, арнайы безендірілді. Осындай қуанышты күнде түлектерімізге ыстық ықыласын жеткізуге «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының директоры Тупенова Бағдаш Абдижамиқызы - алтын ұя мектебімен қоштасып, алдарында жаңа орта, жаңа өмір күтуде тұрған жас түлектер елдің болшағын жарқын етуге, ел тұтқасын ұстап, экономика мен бизнестегі, мәдениет пен білім саласындағы басты бағыттарды басқаруға, қоғамға қызмет етуге өз жолдарыңызды таңдап, патриоттық міндеттерді орындаудың үлгісі болатындарыңызға мен сенімдімін.
Ұлы елдің дамуы үшін игілікті істер тілеймін – деп тілектестігін жеткізді. Орталықта Әлияның өнерпаздары әдемі концерт қойып, әннен шашу шашты.
Айта кетейік биылғы жылы Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебін 12 түлек бітірді, 3 түлек «Алтын белгіге» ие болды. Кешкі самалмен өткен концерт халыққа керемет көтеріңкі көңіл-күй тарту етті. Келген студенттермен, оқушылармен, көрермендермен естелікке суретке түсіп, шара өз мәресіне жетті.