Тарихи жерлермен танысу мақсатында Орал қаласынан Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғарғы педогогикалық колледжінің студенттері «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында болып, музей жәдігерлерімен танысты.
Орталықтың директоры Бағдаш Әбдіжәмиқызы қонақтарға орталықтың жұмысы туралы таныстырып, қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың балалық шағынан бастап майдандағы ерлік жолдарына дейін нақты деректер мен мол мағлұматтарды баяндап берді.
Шара әрмен қарай «Ұрпаққа ұран болған Әлия» атты шарамен жалғасты. Шарада Қазақстан мен Ресей жерінде жүргізіліп жатқан шаралар жөнінде айтылып, танымды мол ақпарат беріліп «Әлия » атты арнайы дайындалған деректі бейнеролик ұсынылды.