6-шілде күні Астана күні мерекесін Әлиялықтар айрықша кең көлемде атап өтті. «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының ұйымдастыруымен «Туған күніңмен Астана!» атты концерттік шараға тұрғындар көп жиналды. Жергілікті өнерпаздар патриотизм мен ұлтжандылық тақырыбында жүректердің құлпын ашқан концерт қойды. Концерт халыққа керемет көтеріңкі көңіл-күй тарту етті.
Астана – жаңа Тәуелсіз Қазақстанның өз қолымен орнатқан бірінші заманауи елордасы. Астана – талай істе абыройы артқан, сонымен төрткүл дүниеге мүмкіндігін мойындатқан, ұлтымыздың бүгінгі болмысын көрсететін жаны жаңалыққа құмар жас қала. Өткен 21 жыл – елордамыздың көп жылдарға тағдырын шешкен уақыт болды. Астана ел дамуының рухани – мәдени қайта өрлеуінің бірден бір қозғаушы күші болып, қазақты дербес ел ретінде танытып, үстем мерейі мен үлкен мәртебесін дәлелдеді. Жас астанамыз Тәуелсіз Қазақстанды барша әлемге танытты. Ару қала – Астананың мерейтойы құтты болсын! Күшті де, құдыретті мемлекеттің елордасы болу үшін жаралған қала – асқаралы Астана жасай берсін! Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман қала – жас қаламыз – өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда.