«Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының ұйымдастырумен «Ауғанстан - уақыт бізді таңдады» атты интернационалист –жауынгерлермен кездесу кеші өткізілді.
Кездесу кешіне Ақтөбе қаласындағы Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандардырылған мектеп-интернат колледжінің алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі Ауған соғысының ардагері Мурсалимов Ермекбай Жеткіншекұлы, жауынгер –интернационалист Ертілеков Сержан Амангелдіұлы, Берниязов Асылхан Мақсатұлы және сол ұрыс даласында қаза тапқан Сагидулла Суюндуковтың туған інісі Суюндуков Асылбек және жездесі Бақыткерей Молдагазиев арнайы қонақ ретінде шақырылды.
Іс-шараны еліміздің гимнімен ашып, Ауғанстан жерінде қарулас достарымен отты жылдарды басынан өткізген соғыс ардагерлері жау оғынан қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды.
Шара барысында «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының директоры Тупенова Бағдаш Абдижамиқызы «Өз отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгерлердің ерлігін үлгі ету және ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым ету бүгінгі ұрпақтың міндеті. Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің қатары сиреп келе жатқандығын, қазіргі таңда жастарды отансүйгіштікке баулу, патриоттық тәрбие беру Ауған соғысы ардагерлерінің еншісінде екенін айтып қонақтарды мерекелерімен құттықтап, қонақтарға сыйлықтар табыстады.
Шараға қатысқан ардагерлер Ауған соғысы кезінде болған оқиғалары туралы әңгімелеп берді. Шараның ең маңызды сәті Ауған соғысының ардагері Мурсалимов Ермекбай Жеткіншекұлының ұйымдастыруымен Ауған соғысы даласында қаза болған Қобдалық жауынгер –интернационалистер Сагидулла Суюндуков және Шиковский Леонтий Николаевичтің құжаттарының Әлия орталығына тапсырды.
Шараның жалғасы орталықтың спорт залында «Әскери іске дайын бол» атты әскери- патриоттық сайысымен жалғасты. Сайыс мақсаты Ауған соғысының ардагерлері алдында бүгінгі жас ұрпақ өздерінің Отан қорғауға қаншалықты дайын екендерін көрсету еді. Сайысқа Қобда ауданына қарасты мектептерден 4 команда қатынасып өздерінің әскери өнерлерін көрсетті. Сайыс шарттары төмендегідей ережесі бойынша өтті:
1.Әскери-саптық өлең, 2.Автоматты жартылай бөлшектеу және жинау, 3.пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату.
Ауған соғысының ардагерлерінің шешімі бойынша:
1 орын Талдысай орта мектебі
2 орын Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебі
3 орындарды И.Білтабанов орта мектебі
Қобда қазақ орта мектептері иеленді
Жеңімпаздар Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының атынан алғыс хаттармен, арнайы сыйлықтармен марапатталды.