"Ұлы Даланың жеті қыры" мақаласында көрсетілген құндылықтарды насихаттау мақсатында «Қазақстан–қызғалдақтың Отаны» атты танымдық сағаты өтті.
Шара барысында жылына бар болғаны 15 күн ғана гүлдейтін қызғалдақтардың мәдени-тарихи өмірінде алатын орны ерекше екенін және оның ботаникалық сипатына шолу жасалып, қазақтың ер-тұрман жабдықтарында, тері мен ағаштан ойып жасаған үй заттарында, зергерлік бұйымдарда, ұлттық киім әшекейлерінде, ашық түсті кілемдерде, кестелерде, қоржын-дорбаларда қызғалдық гүлінің әсем бейнелерін, олардың қолданылу ерекшеліктерін бейнеслайд арқылы көрсетіліп насихатталды.