15 маусым күні Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың туған күні. Батырдың туғанына 97 жыл. Әлия Молдағұлованың туған күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шаралар батырдың кіндік қаны тамған Бұлақ ауылынан бастау алды. Ескерткіш жанына жиналған қонақтар батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оның рухына тағзым етті.
Батырдың туған жеріндегі музейде болып қолтаңбаларын қалдырды. Батыр Әлияның жанқиярлық ерлігі кейінгі ұрпақ үшін өшпес өнеге. Батырдың туған күніне орай шаралар «Әлия- батыр қызы сен халқымның» деген атпен Әлия ауылында өз жалғасын тапты. Әлия ескерткішіне гүл шоқтары қойылып мәдениет үйінде «Батырлар рухы» атты патриоттық әндер сайысы өткізілді. «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында кезекті «Айбын – 2022» әскери патриоттық байқауы ұйымдастырылды. Әскери-патриоттық байқауда Қобда ауданына қарасты 9 (тоғыз) мектептен құралған командалар алғашқы әскери дайындығы бойынша сайысқа түсті. Сапта жүру, газтұтқышын киюден, калашников автоматын бұзып жинау, әскери кедергілерден жылдамдықпен өту т.б талаптары қойылды.
Қыздар арасында «Мерген - Әлия» атты нысананы көздеп атудан, қыздар арасында сайыс ұйымдастырылып мықтыны анықтады. Сайысқа қатынасқан мерген қыздар Әлиядай батырдың сіңлісі екендерін көрсете білді. Осы Әлия Молдағұлованың туған күніне арнайы ұйымдастырылған пейнтбол ойынына барлық командалар қатынасты. Пейнтбол ойыны өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Осы пеитбол ойыны кезінде әрбір команда мүшесі қаншалықты өз Отанын (командасын)қорғауға дайын екендерін көрсете білді. Шараға қатынасқан, жеңімпаздарды құттықтап, дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
Тағылымы мол шараға Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Қобда ауданы әкімшілігі, "Қос шынар" қоғамдық қорының төрағасы Ғалымжан Байдербес, батырдың туыстары, ауған соғысының ардагерлері,тыл ардагерлері, қадірлі ақсақалдар, белсенді жастар, спортшылар, БАҚ өкілдері, ауыл тұрғындары, т.б көптеген қонақтар қатынасты.