2019 жылдың 6 маусым күні Ақтөбе қаласынан «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығына келген қонақтар Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың балалық шағынан бастап ерлік жолдарымен, ел басына күн туған шақта үлкен жүректің иесі екендігін танытып, даңқы өшпес ерлік жасағандығы жөнінде тереңірек танысып, қымбат жәдігерлерге қол жеткізді. Ерлік көрсеткен батырлардың өмір баяндарына зейін қойып тыңдалды.