Астана қаласы, "Қазақстан" телеарнасынан журналист Туменбаев Мұхтар Жақсылықұлы киелі батырлар мекені Қобда ауданы "Әлия" патриоттық тәрбие беру облыстық орталығына келді. Мақсаты: батыр туралы материалдар жинақтап, фильм түсіру. Батырдың тума туысқандарымен, Әлиятанушылармен кездесті.
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлік жолдарымен танысып, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.