«Ауыл кеші көңілді» шарасы аясында «Ән көңілдің ажары» атты караокемен ән айту шарасы өткізілді. Шараның мақсаты: халыққа сапалы мәдени қызмет көрсету, ауыл тұрғындарының кешкі уақыттарын мазмұнды өткізу, ауыл тұрғындарының көңіл-күйін көтеру. Шарада халық әндері, лирикалық әндер шырқалды.