30 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата заң - алтын таңымыз» және 1 қыркүйек білім күніне орай «Сәт сапар, жас бүлдіршін!» атты мерекелік шара өткізілді.
Шараның бірінші бөлімі Конституция күніне арналса, екінші бөлімі мектеп табалдырығын енді аттағалы отырған жас бүлдіршіндерді Әлия орталығымен таныстырып, оларға сәт сапар тілеу. Әр жыл сайын өткізіліп келе жатқан бұл шараға тыл ардагерлері, мекеме басшылары, белсенді жастар,мектеп оқушылары қатынасты. Шарада патриоттық әндер шырқалып, оқушыларга «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының атынан сыйлықтар табысталды.