Бұлақ ауылы Әлиядай батырды дүниеге әкелген қасиетті мекен. Алты жасқа толған шағында анасы қайтыс болып нағашысының тәрбиесіне өтеді. Содан кейінгі өмірі тарихтан белгілі Ресей жерінде жалғасады...
Жерлестері сонау соғыс жылдарынан бастап Әлия есімін ерекше ардақ тұтып келеді. Туған жері Бұлақта, Әлия атындағы ауыл орталығында мәрмәр тастан жасалған тас бейне, туған үйінің орнына белгі тас орнатылды. Белгі жанынан саябақ ашылды. Белгі тас бұл жерде Әлиядай батырдың дүниеге келгенін айтып тұрса, саябақ батыр рухына тағзым ете келген әрбір жанның емін- еркін демалатын орнына айналды.
2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дәл осы жерден Әлия Молдағұлованың музей- үйі ашылды. (Музей-үйі деген тақтайша ілінген). Қазіргі таңда Батырдың кіндік қаны тамған жерде орналасқан белгі тас, саябақ, музей-үйі жарасымын тауып тұр. Музей үйі келушілерді батырдың өмірі мен қатар Бұлақ ауылының тарихымен таныстырады.
Бұлақ ауылының тарихы да тереңде жатыр. Бұл жерде мал шаруашылығымен егін шаруашылығы қоса дамып отырған. Қаншама адамдар еңбек еткен, сол тарихтың жалғасы бүгінгі таңда Бұлақ ауылы жылдан жылға көркейіп Әлиядай батыр дүниеге келген жер деген атқа лайық. Жаңадан салынған сыңғырлаған жол, халықтың игілігіне жүргізіліп жатқан көгілдір отын, таза су, мектебі, мәдениет ошақтарын мақтанышпен айта аламыз.
Әлия Молдағұлованың туған үйінің орнына орнатылған белгі тасқа жақын жерде үй орналасқан. Бұл үй 1980 жылдары шаруашылықтың қажеттілігіне байланысты салынып ,пайдаланылған. Қазіргі таңда бос тұр. Жақын арада түсінбеушілікпен осы үйді Әлия Молдағұлованың үйі деп әлеуметтік желіге (ТікТок) жалған ақпарат таратылды. Бұл үйдің Әлия Молдағұловаға еш қатысы жоқ. Ал, батырға арналып салынған музей- үйі халық игілігі үшін өз дәрежесінде жұмыс жасап тұр. Батыр рухына тағзым етіп талай ұрпақ бұл жерге келері сөзсіз.