Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 113 жыл толуына орай өткізілген «Бауыржан жұлдызды болған күн - қазақтың жұлдызы жанған күн» атты облыстық әскери-патриоттық сайысы өткізілді.
Мақсаты: Батырдың қайталанбас өр тұлғасын, қайтпас мінезін, айрықша қаһармандық ерлігі мен қайсар қолбасшылық қасиеттерін қадір тұту, келешек ұрпаққа үлгі ету және жас ұрпақты ұлттық патриоттыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Шараға: Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы,Қалалық білім басқармасы,Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшілері, мектеп оқушылары қатынасты.
Сайысқа Ақтөбе қаласының №33, № 68, №77, №38, №19, №26,№15,№62 орта мектеп командалары қатысып, Сайыс шарттары бойынша:
1. әскери-саптық өлең
2. биік кермеге тартылу
3. тақырыптық презентация
4. арқан тартыс
5. калашников автоматын жартылай бөлшектеп -жинау сайыстарынан сыңға түсті.
Сайыс қорытындысы бойынша:
I - орын - №33 орта мектебі
II - орын - №62, №38 орта мектептері
III - орын №68, №19, №77, №26, №15 жалпы білім беретін орта мектептері ие болды.
Жеңімпаздар Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының атынан Дипломдар, арнайы сыйлықтармен марапатталады.