Ақтөбе қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жаплы білім беретін мектепте Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай «Жалт еткен жасын ғұмыр» атты әдеби кеш өткізілді.
Шараның мақсаты патриоттық тәрбиеге Әлия Молдағұлованың өмірін, ерлігін насихаттап, Әлия сынды батырлардың бейнесі арқылы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, жастардың бойына жігерлік пен батылдықты қалыптастыру.
Шара барысында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы үнсіздікпен еске алып, сахналық қойылым көрсетіліп, тақырыпқа сай композициялық өлеңдер оқылып, «Әлия» әні шырқалды.
Орталық директоры Тупенова Бағдаш Абдижамиқызы- ерлігімен елге танылған батырдың өшпес ерлігі туралы баяндап, қаһарман батырдың білім алған жері – Вятск, ерлікпен қаза тапқан жері – Новосокольники, Казачиха жерлері жөнінде тағылымы мол ақпараттар айтып, оқушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.