Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының ұйымдастырумен Ақтөбе қаласы Әбіш Кекілбаев атындағы №72 мектеп-лицейінің салтанат залында «Ауған асуында от кешкендер» атты интернационалист – жауынгерлермен кездесу шарасы өтті.
Шараға Ауған соғысының ардагерлері Мурсалимов Ермекбай, Галеев Гумер, Тағанов Батырбек, Дмитрий Иванович қатынасты. Іс-шара барысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Өз кезегінде ардагерлер қиындығы мен қасіреті мол ауған соғысы кезіндегі жауынгерлік тапсырмаларын қалай орындағандары, әртүрлі ұлттан құралған әскер қатарының мызғымас достығы мен көрсеткен ерліктері туралы, олардың әрқайсы интернационалдық борыштарын қаншалықты адал орындап шыққаны жайлы баяндалды. Ардагерлердің ауған соғысы жайлы әңгімелерін оқушылар ұйып тыңдап, ардагерлерге өздерін толғандыратын сұрақтарын қойды, әрі тиісті жауаптарын алды.
Шараға қатынасқан ардагерлерге «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының директоры Тупенова Бағдаш Абдижамиқызы орталықтың атынан сыйлықтар табысталды.
Ауған жауынгерлерінің құрметіне арнап концерттік бағдарлама ұсынылды.