Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қайсар қызы - Әлия Молдағұлованың қайтқан күніне орай «Ұрпаққа ұран болған Әлия» атты Қобда ауданына қарасты мектеп оқушыларының қатысумен танымдық шара өткізілді. Шарада ерлігімен елге танылған батырдың өшпес ерлігі туралы баяндалып, «Мергендер» кинофильмі көрсетілді.