«Қазақтың киіз үйі - көшпелі өркениеттің асыл қазынасы»

#Көрісукүні #ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ - Наурыз 2024 мейрамы аясында 14 наурыз - Көрісу мерекесіне орай «Қазақтың киіз үйі - көшпелі өркениеттің асыл қазынасы» атты шара өтілді.

Мақсаты: Киіз үй туралы жан-жақты мәлімет беру, киіз үй жайлы түсінік қалыптастыру.

Киіз үйді қазақ халқы «Қасиетті, киелі шаңырақ» деп дәріптейді. Өйткені ол-баспанасы, мәдениеті, мақтанышы, мыңдаған жылғы ой-арман табысы әрі көркем ескерткіші. Мұнда ата- бабамыздың түсінік-түйсігі, ұғымы, таңымы, талғамы, өмір тәжірибесінің тұтас үлгісі, көрінісі жатыр. Бір ғана осы киіз үйден сәулет, құрылыс, сурет, қол өнері, мәдениет сияқты бірнеше ұлы өнердің басын құрайтын ғажайып туынды көре аласыз. Киіз үй – бүкіл көшпелілер әлемінің, оның тұрмыс-салты мен этикасының, дүниетанымының бір жерге тоғысқан бірегей туындысы.

Тез жығылып, тез тігілетін киіз үй түйе мен атқа арту арқылы жеңіл көшіріледі, оның киіз туырлықтары мен үзіктерінен жауын өтпейді. Ыстық күндері киіз үй салқын болса, қысты күні керегесін екіқабат киізбен қаптап, іргесін көміп, ошақ асып, от жағып, жазға дейін отыра беруге болады.Бүгінгі шара арқылы ұлт дәстүріміздің тарихымен таныстыру арқылы Отанын сүю, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронды мекен жай:
aktobe_kultura@mail.ru
Мекен жай:
030000, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ с.о., Әлия с., Байсеитова, 40 А
© 2020 - «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы
Designed by TORUS.KZ