Отбасы күніне орай, отбасы құндылықтарын насихаттау, жас ұрпаққа үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие беру, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында «Отбасы - тәрбие мектебі» атты оқушылармен кездесу шарасы өткізілді.
Шараға Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушылары қатынасты. Шарада «Отбасы деген не?» тақырыбында видеоролик көрсетілді. Оқушылар отбасы туралы өз ойларын айтып өтті.
Шара соңы «Ата-анаға алғыс» атты қысқаша тілекпен аяқталды.