«Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы. Онан асқан бұрынғы – соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ»,- А. Байтұрсынов.
Қазақ халқының тұтас бір дәуіріндегі ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңы ұлы Абай- ұлтымыздың реалистік, гуманистік жаңа әдебиетінің негізін қалаған, қазақ поэзиясын қоғамдық дамудың озық деңгейіне жеткізіп, өз кезінің ең басты мәселелерін дәл бейнелеп, дұрыс қорытынды шығарып берген прогресшіл де кемеңгер, данышпан ақын. Философ ретінде әлемдік деңгейде танылған ұлы тұлға, халқымыздың рухани көсемі. Ол өткен заманның , кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізді қонымды Абай-лебі, Абай-үні, ана тынысы-заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді. «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында 175 жылдығына орай «Ұлы халықтың –ұлы Абайы» атты танымдық шара өткізілді. Шарада Абайдың қарасөздері мен өлеңдерін жатқа айтылып, әндерін орындады. Оқушылар арасында пікір талас, талдау өткізілді. Абайдың қарасөздеріндегі адамгершілік, ағартушылық әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлермен бірігіп, тұжырымдама жасалды. Шара соңында барлық қатысушылар Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Абай отандық тарихымыз бен әдебиетіміздде аса көрнекті орын алды. Ақынның мол әдеби мұрасы ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады. Абай Құнанбайұлының 175жылдық мерейтойын атап өтуге арналған іс-шаралар жыл соңына дейін жалғасын таппақ.