САҒИ ЖИЕНБАЕВ
Яков Хмелевский сөзін аударған
ӘЛИЯ ЖҮРЕГІ
Твердің орманы жас, жері кәрі
Ата-қоныс санайды жұрттың бәрі.
Сол жерде Әлияның қаны сіңген.
Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі.
Шаттансаң, қыз тудым деп ,қазақ шаттан,
Әлия Ұлы Отанға болған мақтан.
Казачиха маңында тұлғасы тұр,
Дегендей ерлікке аттан,жеңіске аттан!
Сол жермен сонау заман Пушкин өткен,
Желдіртіп қоңыраулы атын жеккен.
Сол жерді жаудан сақтап қаламын деп,
Қазақтың Әлия қызы қанын төккен.