Акимов Федор Филиппович
(1915-1965)
Ақтөбе қаласында қызметшінің отбасында туды .Кеңес әскері қатарында 1941 жылдың қаңтарынан бастап қызмет етті. 1941 жылы майданда болды. 1943 жылдың қыркүйегінде 705-ші атқыштар полкіндегі станокты пулеметтер бөлімшесінің командирі ( Орталық майдан, 60-шы Армия, 121-ші атқыштар дивизиясы) аға сержант Акимов өз сарбаздарымен ротада бірінші болып Киевтің солтүстігіне таман Днепр арқылы өтіп кетті,алайда жаудың тегеурінді тықсыруы салдарынан өзеннің сол жақ жағалауына қарай кетуге мәжбүр болды.
Аздан соң Днепр арқылы қайта өтті және Глебовка кемежайы ауданында біздің бір топ жауынгерлердің өзен арқылы өтуін пулемет оғымен қолдан тұрды, сөйтіп атқыштар бөлімшелерінің Днепрден өтіп, Козаровичи селосына бұзып -жарып өтуіне мүмкіндік жасады.
Соғыс жылдарында ерлік пен қаһармандық көрсеткені үшін аға сержант Ф.Акимовке КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 17 қазандағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.