2019 жылы 11 тамыз күні «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында Халықаралық Жастар күніне және тұспа тұс келген «Құрбан айт» мерекесіне орай «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығымен екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Бегельдинов атындағы Әуе Қорғаныс Күштерінің Әскери институтымен жылдағы дәстүр бойынша әскери-патриоттық, спорттық шаралар ұйымдастырылды.
Шара алдымен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне тағзым етіліп, гүл шоқтарын қоюдан басталды.
Әрмен қарай шара «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында жалғасып, осы орталықтың жағдайымен танысып музейдегі Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігіне қатысты жәдігерлер мен құжаттарға жеке- жеке тоқталып, келген қонақтар аса мұқиятпен тыңдады. Әскери институтының курсанттары 1 күндік әскери-патриоттық шараларын өткізді.
Шара мерекелік концертпен жалғасып шара соңында ас берілді.
Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Н.К.Кәдірбаевтың атынан екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Бегельдинов атындағы Әуе Қорғаныс Күштерінің Әскери институтының бастығы полковник Ыбыраев Әлім Әбутәліпұлына алғыс хат табысталды.
Институт басшылығын, ұжымын ұлтымыздың болашағы жас ұрпаққа сапалы білім беріп, әскери дайындыққа үйретудегі және оларға отансүйгіштік- патриоттық тәрбие берудегі еңбектеріңізге ризашылығымызды білдіреміз. Бұл шара алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасын табады.