«Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі»

14 қаңтар күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқан күніне орай батырдың кіндік қаны тамған Бұлақ ауылы мен Әлия ауылдарында «Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі» атты еске алу шарасы өтті.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 95 жылдығының қарсаңында ұйымдастырылып отырған шараға батырдың туыстары Әлiп, Тәжен Сарқұловалар мен Әлиятанушы, ғалым, «Қос шынар» қоғамдық қорының басшысы Ғалымжан Байдербес, Ақтөбе облыстық мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Бекзат Ерғалиқызы ,«Ер-Қанат» әскери-патриоттық клубының төрағасы Марат Қойлыбаев, «Қос аққу» Әлия-Мәншүк қоғамдық қорының төрағасы Қуаныш Мырза келiп қатысты.

Бұлақ ауылындағы Ә.Молдағұлованың бюстінің жанында өткен еске алу шарасында аудан әкімінің орынбасары Құлов Болат Ахметұлы батырдың ерлiгiн жастарға насихаттап, оларды елжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында аудан көлемiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыстарға тоқталып өттi. Сонымен қатар шара барысында гүл шоқтары қойылып, батырдың рухына тағзым етілді. Содан соң Әлия ауылындағы «Рахман» мешітінде батырдың рухына арналып құран бағышталып, Ә.Молдағұлованың ескерткішінің жанында еске алу шарасы өтті. Шара барысында жас бишілер Әлия Молдағұлованың соңғы ұрысын бимен көрсетіп, белсенді жастар 76 шырақ жағып, батырдың рухына тағзым етті.

Ескерткіш жанына жиналған ауыл тұрғындары, батырды еске алуға жиналған аудан ақсақалдары мен жастары, батырдың туыстары гүл шоқтарын қойып, ауылдық мәдениет үйінде өткен «Әлия дастан» атты еске алу шарасын тамашалады. Мәдениет үйінде «Ерлікке тағзым» атты оқушылардың сурет көрмесі қойылып, Әлия Молдағұлова туралы отты жырлар мен әуезді әндерге арналған «Ұлы ерлік шежіресі – ұрпаққа ұлағат» атты Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебiнде өткен аудандық Әлия әндері мен оқуларының жүлдегерлерi марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлденi Талдысай ОМ 10 класс оқушысы Игiлiк Нұрболат, I орынды Қобыланды батыр атындағы Қобда орта мектебiнiң 6 класс оқушысы Қосниязов Мейрамбек, II орынды Бұлақ негiзгi мектебiнiң 6 класс оқушысы Ермек Жанель, III орынды Терicaққан ОМ 5 класс оқушысы Жанаманова Данагүл жеңiп алды.

Сонымен қатар, бұл күні «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының жанында әскери-патриоттық ойыннан командалар кім мықтыны анықтады.

Нәтижесiнде I орынды Қобда гимназиясы , II орынды И.Құрманов атындағы ОМ , III орынды Қобда ОМ иелендi.

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронная почта:
Адрес:
030000, Актюбинская область, Кобдинский район, с.о Булак., с. Алия., Байсеитова, 40 А
© 2020 - Областной центр патриотического воспитания «Алия»
Designed by TORUS.KZ