2019 жылдың 31 шілде күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи патриоттық жерлермен танысу мақсатында Орал қаласынан А. Ахметовтар отбасы батырлар мекені Қобда ауданы «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығына келіп, батырдың балалық шағынан бастап ерлік жолдарымен танысты.
Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды, сондай-ақ бұл жойқын соғыстың да адамзат санасынан өше қоюы мүмкін емес. Жылдар жылжып, айлар ауысып, күндер өткен сайын, қасіретті жылдар жылнамасы да бізден алыстап барады. Бірақ сұрапыл сол күндер тарих қойнауына еніп, арамызда майдангерлер сиреген сайын, ұрпаққа өмір сыйлаған –Жеңіс мерекесінің, көзі тірі майдангерлердің, олардың естеліктерінің қадірі арта түскендей.
Жас ұрпақты отанына, халқына, еліне жеріне, деген сүйіспеншілікке баулып, олардың бойына ұлттық рух қалыптастыру халық тәрбиесінде жетекші орын алып осындай орталықтың жол бойында орналасып келген қонақтарға жылы шырай танытып қарсы алып жатқандарыңызға ризамыз, еңбектеріңіз жана берсін – деді А.Ахметов