«Әйел –әлемнің шуағы»

«Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Әйел –әлемнің шуағы» атты кәсіпкер, тігінші Сұлтангереева Алтынгүл Рышбайқызымен онлайн сұхбат жүргізілді.

Шараның мақсаты: жастарға адам бойындағы құндылық қасиеттер туралы айтып, қазақтың қол өнерін насихаттау. Шара қонағы сұхбат барысында өзінің сүйікті ісімен айналысып, тігіншілік өнерді кәсіп етіп, қолынан шыққан туындылары бесік жабдықтары, сәукеле, қыз жасаулары, қыз-келіншектерге арналған көйлектердің пішіп-тігудің сырларымен бөлісті. Алтынгүл апай пішіп –тігудің шебері болса, жолдасы Өміржан Калиев те -киімдерді, ұлттық бұйымдарды ою-өрнекпен безендірудің маманы. Қырық жылға жуық қолөнер саласында жүрген ерлі-зайыпты шеберлердің қолынан шыққан туындылар көздің жауын алады. Қазақтың салт- дәстүрінің тарихымен таныстырып, сұрақтарға жауап берді. Шара соңында «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының директоры Тупенова Бағдаш Абдижамиқызы айтулы мерекесімен құттықтап, сыйлық табыстады.

 

Телефон:
+7 (71341) 2 45 95
Электронная почта:
Адрес:
030000, Актюбинская область, Кобдинский район, с.о Булак., с. Алия., Байсеитова, 40 А
© 2020 - Областной центр патриотического воспитания «Алия»
Designed by TORUS.KZ